Posted in

ЕС КЕТІП, ЖАН ШЫҚҚАНДА

Өлердей болғанда; жаны әбден қиналған шақта, әрең дегенде. ~ Әйтеу ес кетіп, жан шыққанда көзеулі таудың бөктеріне ілінгенде барып тыныштық пайда болғандай болды. Б.Жұм. ~ Есеке, құйрық жағыңа сақ бол! – деген Әбдіжапардың даусы естілді. – О, қойыңызшы! Қайдағы пәлеге сүйреп кеп… Тірідей көрге түскендей!.. Әйтеуір ес кетіп, жан шыққанда бір саңылауға топырлап келіп бас қойған. Қ.Ысқ. ~ Жапалақтап жауған көбік қар бас-көз демей тұмшалап барады, әйтеуір ес кетіп, жан шыққанда ғана кірпігі айқасып еді, кенет подъездің ілмегі сылдырлады сықырлап барып ашылған есік бөксесіне сарт ете қалды. А.Чех.