Қуаты мол, ақылдан айырғандай әсерлі. * Балтаның сұйық металға шыдаған жаны мына елжіреуік сезімге, сүйіспеншілік құдіретінің күйдіріп-жандырып ес тандырар ләззатына шыдай алмады. С.См. * Ұстап, осы сойқан өткенше көзді тарс жұмып сіресіп тұрғысы келді. Дауылдай үдеп соққан ес тандырар әлепетті сезді. С.Ел. * Егер жазғы шілдеде екі ай бойы ес тандырар ыстық болса, енді мына қыстың аязында адам ауа жұтудан қорқады. Ш.Айт. ~ Қалбақтаған он ақ кептер қабырғалардың қыспағынан жаңа ғана қашып шыққан, көшенің құлақ тұндырар, ес тандырар шуына қайыру бермей көк зеңгірге қанат қағып, көтеріліп кеткен он Айгүл ғой. М.Қаб.
