Posted in

ЕС ТОҚТАТПАДЫ

Тым жас, ақыл-есі толысқан жоқ. ~ “Осы кiмнiң даусы” деген ой бұған да келiп едi. Бiрақ Абай дегбiрi қашып, ес тоқтатпаған
жас баладай боп, аласұрып, ұмтылып барады. Ерболды сүйрей жетектеп, әлгi ән шыққан үйге қарай ентелеп, есi-дертi ауып
кетiптi. М.Әу. ~ Кенже ұлым әлі ес тоқтатпаған кішкене ғой, ойын көріп арсалаңдап келіп ол да газеттің үстіне құлай кетті.
Екеуміз қосыла аунап, шыңғырып, айғайлап үйді басымызға көтердік. Т.Сәу. ~ Содан қайта қатулана түсiп, суық, құбылып
алып: – Сонша жер табанға түсiп жалпыетек болар не дүниенi бүлдiрiппiн?! Екi ғана, ес тоқтатпаған жастың албырттығы ма?
Сол үшiн елдiктен, әруақтан, ежелгi достықтан кетер болса, Бөкеншiнiң сенi қимағаны қайсы? М.Әу. ~ Оның үстіне мен
елден ес тоқтатпай ертерек кетіп қалып, кезінде үлкенге жұғыса алмай, кейінгімен балалықты бөлісе алмаған жетімдік пен
жалғыздықтың іште қалған беріші де. Қ.Ысқ.