Posted in

ЕС-ТҰСЫНАН АДАСТЫ

Есінен айрылды.~ Баяғыдай Райыс атты молла ұстазым болып еді. Бір жолы Болатхан деген бала достарымен бірге отынға барып жүріп, ес-тұсынан адасып жығылады, сандырақтап бақырады. Аузы-мұрны қисайып, езуінен ақ көбік бұрқырап адам шошырлық күйге түседі. Ж.Шәк. ~ Ес-тұсынан адасардай меңзығыр күй кешкен Жандауыл қобыда жайылып тұрған атына әзер жетіп ауыл қайдасың деп тартып берді. Ж.Шәк.