Бөгеді, тежеп қалды, сабырға шақырды, кері тартты. ~ Сырлыбай тұтқынын өз қолымен апарып, қамқа шапан киіп,
қарқылдай күліп қайтқанда, өз-өзінен булығып, жарылардай болып отырған бұны сабырға шақырып, етегінен басқан да
солар-ды. Ә.Кек. ~ Шаруасын тындырып, көңілі жай тапқан соң: – Ал, енді үйге кірмейміз бе, – деп Қапыш орнынан көтеріле
беріп еді, Қарасай етегінен басты. C.Жүн. ~ Орныңа жайғаса бер, қарағым! Сәлемің қабыл! – деген шалдың жалғыз ауыз сөзі
Елтайды етегінен басты. М.Қаб. ~ Оныңыз рас, Сәке, біз көрмеген азап жоқ десе де болады. Кереметі сол, азаптан әлі де
болса құтыла алмай жүрміз, – деп Жантуар төтелеңкірей тартты. Шәмшігүл күйеуінің етегінен тағы басты. С.Шайм.
