Posted in

ЕТЕГІНЕН ҰСТАП (ҰСТАЙ) АЛДЫ

Жармаса кетті, ұстап алып, жібермеді. ~ Ала қоржыныма үш-төрт қауын салып ап, мен кетуге ыңғайландым. Шауқар аттың тізгінін шешіп, ерге асыла беріп ем, дәрігер қыз етегімнен ұстай алды: — Жолдас, мені де ала кетіңіз. Т.Берд. ~ Бір уақытта артына қараса, көп балалар көз жазып қалыпты. Қасында бір әйел қалыпты. Қараса — өзінің жеңгесі. Қартқожаның түп етегінен ұстап алыпты. Ж.Айм. ~ Аз тым-тырыстан кейін Шоңайна келді де, Шепені алып кетті. Шоқан орнынан есікке қарай ұмтыла бергенде, Зейнеп көйлегінің етегінен ұстай ап: – Қайда, Қанаш? – деді. – Көрейін, – деді Шоқан ілгері тырмысып. С.Мұқ.