Posted in

ЕТЕГІНЕ (ЕТЕККЕ) ЖАБЫСТЫ

Жалынып, жалбарынды. * Келді де тігулі тұрған асықтарымызды тегіс сыпырып алды. Біз шулап қоя бердік. Біріміз
жыламсырап, біріміз «ағатайлап» жалынып Әжібектің етегіне жабыстық, бірақ ол тісін ақситып ыржиған күйінде бірімізге де міз бақпастан асықтарды қалтасына салды. С.Мұр. ~ “Халық жауының” қатыны деп теперіш көрсетпей Ждақай сияқты ел билеген дырдай азамат көрпесін қимылдатса тірі жесірге одан артық бақыттың керегі не? Бұ күнге де аз қалды. Содан кейін Ждақайдың етегіне жабысып, шылауына оратылар. Сыйынар пірі Ждақай болар әлі. Ә.Нұрп. ~ Отыр! — деді ол зілдене, ақырын дауыспен жекіп. — Жібер!—дедім мен ақырып,— ит емессің сен етекке жабысатын!.. С.Мұқ.