. Састы, не істерін білмей қалбалақтады.
- Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, Ел жаңылып, етегін басқан жерде, Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен
аспан жерге. Ақан сері. * Ер де сасар болар ма, Етегін басар болар ма? Сіз сияқты батырдың Елін жау алар болар ма?
А.Байт. (“Ер Сайын”) * … сор дария, қан өзен болып аққан заманда не істерін білмей сасқан, етегін басқан халық тентіреп,
қаңғып, біреуі жекжат-жұрат қуалап күн кешсе, енді бірі кәдімгі сыңсыған орманға кіріп, қайыңды тесіп, оның сөлін ағызып,
не сорып күн көрді. Б.Қыд. ~ Енді Құртқа сасады, Бетінен қаны қашады, Оң етегін басады. Сасқан емей, немене, Аш
күзендей бүгілді, Құртқа жаннан түңілді. А.Байт. (“Қобыланды”)
- Ел шетіне енді; баса-көктеп кірді. * Ақыры, әуелі – қытайдың Миң патшалығының жаяу шеріктерінің екпінінен, содан кейін
мәнжулердің атты әскерінің тепкісінен ығысқан жоңғарлар қазақ даласының етегін басты. Т.Жұрт. * Өйткені, Кан-сидің
сарыаяқ шеріктерінің табаны Жоңғарияның етегін басып, кеудесіне шығып, сол арқылы бұрын естіп-білмеген қазақ даласына
тіміскіленіп кіріп келе жатқан болатын. Т.Жұрт.
