Posted in

ЕТЕГІН КӨТЕРДІ

Жақындасты, жыныстық қатынасқа түсті. ~ Менде сені талай ренжіттім-ау. Шайтанның тіліне еріп шарапқа тойып өзгенің етегін көтергім келген мастығымды қалай кешірер едің. Тіпті кейде тіл тигізіп қана қалмай, қолымды да жұмсауға дейін бардым ғой. Ж.Шәк. ~ Шанда бір қарсы үйдегі шекілдеуік сатқыш жасамыс жуан әйелдің етегін көтеріп қойғаны болмаса, жас иістен баяғыда қағылған… Н.Дәут. ~ Қолыңнан келетін жалғыз өз еркің – арыңа абай бол! Ұрғашыда ұят көбірек. Оның қадір-қасиеті сол ұятында. Ұяты, әуелі етегінің астында. Ұятты ұрғашы тимейтін еркекке етегін көтермейді…» Н.Дәу.