Қиындық кешті, азап көрді. ~ Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге
шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады…
Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады… М.Әу. ~ Мұны ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып,
етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Ж.Аяз.
