Posted in

ЕТЕГІ АШЫЛДЫ

Пәктігінен айрылды. ~ Ал, некенің ақ төсегінде етегі ашылып, құдайдың құдіретімен қосағынан айрылып, есіл өмірдің еділ-
жайық ерке ағысын бойлап жүзе алмай, күннен күнге күйтінің күйігінен күйректеніп, жалғыз аунап-қунаудан шаршап-
шалдығуы шарықтау шегіне жетіп жүргендердің көңіліне оның қона ма? Н.Дәут. ~ Жасынан не ішейін, не киейін демей,
ерке өскен ашық мінезді, ақ жарқын Ақбөпенің көңілі бұл кезде жаси қалады. Етегінің ашылған, жабылғанын
әлі біле қоймаған бүлдіршіндей жас күнінен тұрмысқа шығып, келе екі құрсақ көтеріп, аналық сезімі оянған
шағында үлкен бақытсыздыққа кезіккені есіне түсіп, көзіне мөлтілдеп шық үйіріледі. С.Жүн.