Өз жағдайын ойлауға мұршасы болмай, қалай болса солай жүр д.м. ~ Ойлап қараса осы орыс ел боп етегін жапқалы намысты қолдан берген жері жоқ екен. Етегі елпі, жеңі желпі жүріп те екі талай егеске түскен жерде ерлері ел арын ту ғып көтеріп, айқайлап шығатын. Сол батырлар қайда? Ә.Нұрп. ~ Жоғалсын әрі, енді қалған ғұмырымды, осылардың баласын бағып, басымды қатырар жайым жоқ. Етегім елпі, жеңім желпі болып өздерін өсіргенім жетер. Т.Әбд.
