Posted in

ЕТЕГІ ТОЛЫП ЖЫЛАДЫ (ЕҢІРЕДІ)

Көз жасы көлдей боп жылады. ~ Зәуреші өлсе көзінің жасы көл болып, етегі толып зар жылайды, тірі жүрсе не істер еді?
С.Жүн. ~ Тақтан түседі де: «Әй, біздің қазақты қойсайшы, басымдағы бақты көре алмады ғой. Жабылып
жүріп, етегімнен тартып түсіріп тастады. Бұл жұрт енді мың жылда да ел болмайды», – деп қайтадан
етегі толып еңіреп қоя береді. Ә.Кек.