Posted in

ЕТЕК БАСТЫ БОЛДЫ

От басы, ошақ қасынан аса алмады. ~ Жұмысты құда да тыныш, құдағи да тыныш болатын жолдармен тындырғысы келіп,
шенді-шекпенділерге «етек басты» болған әлгі жортақы пысықайларды «қызтеке» жағатсулардан тиып тастау үшін оңаша
шығарып алып тырдай ғып соғып салатын, борбайына жібергенше қылқындырып қоя беретін әдет тапқан. Ғ.Біл. ~ Өзі де
жетім ескен еді. Төлеп те жетім емей немене. Екі жетім бірін-бірі аяп, қандай әдемі тұрмыс құрып жатыр. Көп
кішілігіне қарамастан, отасып кетті әйтеуір. Енді етек басты, балалы болды, қайда барады? К.Қаз.~ Жастық
шіркін көздеріңнен бұлбұл ұшқанда бір-ақ білесіңдер өмірдің мән жайын… Беттің
қызылында, шаштың ұзынында күліп-ойнап қалыңдар түге! Байға тиген соң етек басты
болып, үйден шыға алмай отырып қаласыңдар, қараңқалғырлар… Б.Тоғ Күйбең тіршілктен бас көтермеді. ~ Оспан-екеңнің келесі арманы: өстіп еркекқос, етекбасты болып жүре бермей, үйленіп
алуды ойлайды. Көңіл кілті біреуге бұрылады. Д.Дос. ~ Қазақ қыздары ешқашан отбасы, ошақ қасында қалып, етекбасты
болмаған. Ел басына күн туғанда ер-азаматтармен бірге қару алып, туған жерін қорғаған арулардың есімдері ел есінде.
Ә.Смай.