Posted in

ЕТЕК (ЕТЕГІН) ЖАПТЫ

Ақылы кірді; өз-өзіне келіп, ес жиды; ұятты ойлайтын жағдайға жетті; абыройын сақтап қалды. ~ Партия — соры көп елдің,
Айта алмай соны бөгелдім,
Соттықты тастап жөнелдім,
Дедім де етек жабайын. Шәкәрім

  • ─ Әкеңнен қалған аманат еді бұл. «Ұл болса, есін жинап, етегін жапқан соң қалтасына сал», – деп еді марқұм. Әкең өсиетін орындадым, міне. Көзіндей көріп ұстап жүр, – деді. І.Есен.
  • Солардың дегені болды. Ақпан сықырлап арқаны қысқанда киноның мәшинесімен селбелеп тасып үлгірген мая шөп етекті жапты. Д.Досж.
    СИН: ЕТЕГІН ҚЫМТАДЫ