Posted in

ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИНАДЫ

. Жинақталды, ықшамдалды; дайын отырды. ~ Қазақ ауылдары жақын жерде екнін есіткен жігіттер етек-жеңін жинап ұстап, жан-жағына елеңдей қарады. З.Шүк. ~ Жоқ, Әкпар, өткен күн өкінсең де қайта оралмайды. Тағы құландай, ұру-ұру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ енді етек-жеңін жинап, ел болмақ. І.Ес. ~ Демек, өз ішіндегі осындай ала ауыздыққа байланысты, қазір Жоңғар ордасының бұрынғы айдыны кеміп, етек-жеңін еріксіз жинай бастағаны байқалады. Қ.Жұм. ~ Оны келді-ау,кетті-ау деп елеп жатқан кісі жоқ. Онан етек-жеңін жиып именбейді де. Ә.Нұрп. ~ Жұрт етек-жеңін жинап тағы да ілгері ысырыла түсті. М.Қаназ.

Түгендеді. ~ Негізі дәстүріміздің етек-жеңін жинастырудай-ақ жинастырдық. Енді оны күнделікті өмірде пайдалана білуіміз керек. Қ.Бегм.

  1. Аяқталып қалды. ~ Ән-думанның етек-жеңi жиналып, ашқұрсақтау сүркiл тiрлiк сөлбiрейе төбе көрсеттi. Ә.Ыб.