Posted in

ЕТЕК-ЖЕҢІ КЕҢ

Қолы ашық, көңілі дарқан; еркін. ~~ Ақылы мол кен еді. Етек-жеңі кең еді. Аузынан шыққан лебізі Ағайынға ем еді, Арту елмен кездессе, Терезесі тең еді.
Ж.Айм. * Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар, Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар. М-М.

  • Мәселен, проза әдебиеттің еркін әрі етек-жеңі кең формасы болса, өлең қиюы бөлек қиын саласы. С.Әшімб.
  • Ол бір етек-жеңі кең заман еді ғой, мәселенки, Жазушылар одағына мүше еместерге мүше жазушылардың билетін
    пайдаланып, жеңілдікпен бөлме алып, бір ай шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік берілетін. М.Тәж.