Posted in

ЕТЕНЕ БОЛДЫ

Жақын тартты; үйреністі, аралас-құралас болып, сіңісіп кетті. * Әскер өмірінің, майдан өмірінің ащысы мен тұщысын бірге татып, қуанышы мен азабына ортақ болған ортасымен біте қайнасып, етене болып кеткенін Күләнда енді байқады. Б.Майл.с* Жырынды болып қалған, қисық тартатын қыңыр Добрушкин… Бұлардың бәрі Ержанға етене болып кеткен адамдар еді. Т.Ахт. ~ Манар үндеген жоқ, ендігі жауапты Карл ұста қайырды. Ап- арық, даусы шіңкілдеген, өзі тұтықпа болатын, немістердің ішінде қазақ тілін тез үйреніп, етене боп кеткен еді. С.Мұр.