Posted in

ЕТПЕТІНЕН ТҮСТІ (ҚҰЛАДЫ)

Екі бетімен жер сүзе құлады. * Төбелесқұмар ұмтыла берген Шолпанның жанындағы кішкентай қара қағып жіберді. Анау етпетінен түсті. Қолындағы пышақ жерге дік ете
шаншылып қалды. М.Сүн. * Қыз орнынан тұра беріп, етпетінен түсті. Д .Әшімх. * Самат екен. Бараққа тақай бере: «Бау- е- е- рем, бау- е- ерем! »,- деп қорқынышты үнмен қарлыға айқайлады. Жақындап кеп етпетінен тағы
құлады. Жер құша жатып, аттандай берді. C.Мұратб.

  • Жаңа ғана көлбей жауып тұрған қар енді шырақты айналған көбелектей шыр айнала жөнелген. Қайта тұруға ұмтыла беріп, етпетінен құлады. Маңдайы көк сіреуге шақ ете түсті… Д.Әшімх.