Қиын-қыстау жағдайды басынан өткерді. * Ақтамақ Досмағанбетті соғыстың алдында көрді. Бұған дейін ол жайлы әңгімені талай естіген. Ауылдың амандығы үшін етігімен су кешкен азаматты көрсем деп, әрине, армандайтын. Н.Дәут. * Міне, сондай да сондай кептер болыпты, “ардагер” ағамыз ұлт үшін, алаш үшін етігімен су кешіпті, осындай “қорлықтан” өтіпті. Т.Әсем. * Ол кез ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен, жігіт жеңін жастық, етегін төсек еткен, бетін отқа, жалынға тосқан, жорықты күндерді бастан өткізді. С.Бақ.
