Ұрсаң ұр, өлтірмесең бопты деп, молдаға баласын оқуға бьерген де fqnskfls7 ~ Түйебайды
шешесі молдаға берді. Түйебай тентектеу, көбіне шешесінің тілін алмайды. Сол өшін алайын
дегендіктен бе, шешесі молдаға тәу апарғанда: – Тентек болса, ұрып-ұрып қой, еті сенікі,
сүйегі менікі, – деді. Б.Майл.~ «Жерді құртқан таз Жапабай, сені емес, совхоз малын
аялағандықтан екі баланы қарамағыңа жібердім. Еті сенікі, сүйегі менікі. Аз миыңды құрт
жеп қоймаса, пайдалан, пайдалан да ат-шапаныңды жауып, қайтар өзіме!» Дейсіңдер ме?
М.Қаб. ~ Тәйір-ай, баяғыда молдаға баласын берген адам «еті сенікі, сүйегі менікі» дейді
екен ғой. Бұның да еті сендердікі, балдыз. Д.Әш.
