Қызбалықпен, ыза үстінде жасалған іс. ~ Бөкеншi ет ашумен, Оралбайдың тентектiгiне орай,
бiр оғат iс iстептi. Бiрақ қайда кете қалушы едi? Сабыр қайда? Аз шыдаса, ара ағайын
алдында жеңер ақылға мықты болмас па едi? М.Әу. ~ Мына жақта башқұрттың
дүрбелеңінен қорлық көріп жатқан орыс ұлықтары алдыңғы дәлелін құлақтарына ілмесе де,
соңғы дәлеліне ойланып қалары анық. Тек соған ғана сеніп, қазақтардың мынау тыз етпе ет
ашуын пайдаланып, қалмақтарды Жайық асырып тықсырып тастауға болады. Ә.Кек.
