Бірге туған, қаны бір жақын. ~ Базаралы болса қайтуші еді! Ет бауыр туыс онікі! Жер болса, тағы онікі. Есесін жоқтаса да бәле іздеген бола ма? М.Әу.
- Оған басқалар емес, іштей Әйтеке таң болды — ет бауыр жақын емес, қимас сырлас емес, бір таба нанды бөліп жеп, терлеп- тепшіп отырып бірге шәй ішкен құдайы қоңсы емес, ебіл- дебілі шығуы- ай мына Ұлтарақтың… Қ.Түм.
- Құдай- ау, бәрі де өзімнің ет бауыр егізімнің сыңарындай аяулы жеңгелерім ғой. Сірә, мені танымай қалдыңдар- ау
деймін?.. С.Мұр. * Бұның ішінде Әменнің ең жанашыр деген ет бауыр жақынынан оның немере туысы Мұстапа имам бар еді. Ж.Ахм.
