Posted in

ЕТ ЖҮРЕКТІ (АДАМ)

Жұрт қатарлы, кәдімгі қарапайым адам д.м. ~ «Жоқ– жоқ, тұла бойым сол күйінде темірден жаралса да, әрі қарай төзу ет жүректі, жұмыр басты пенденің қолынан келмек емес». К.Сег. ~ Ет жүректі пенде ғой, патша ағзамның киелі сардары жұтып жібергелі жұтынып келген ажал алдында, жаңа эраның 1535 жылғы 6 июлінде басы шауып түсіруге бұйырылған Англия гуманистерінің әйгілі уәкілі Томас Мордың шапқалы тұрған қылышты жендеттің алдына келтірілгенде «мойным қысқа адаммын, әбден дәлдеп алыңдар, жаңылыс кетіп, масқара болып жүрмесін» деп, жазалаушыларды келемеж еткен ұстамдылығына жарамады. Ғ.Біл. ~ Сол–ақ екен тұла бойын түсініксіз бір қорқыныш билеп өткен. Сонда да орнынан қозғала қойған жоқ. Ет жүректі емес пе, орман тағысы жойдасыз табанын басайын десе – жүрегі шыдамай, жалт беріп кетейін десе – күлімсі иісті көңілі қимай тұра берді… А.Алт. ~ Рас, Шақан эпостағы көзсіз батыр емес, қорқыныш сезімі бар кәдімгі ет жүректі адам, өйткені қазіргі прозаның міндеті адам жанындағы психологиялық толқынды шынайы суреттеу ғой. Т.Жұрт.