Зиянсыз, момын. ~ Ешкімге залалы жоқ, жаны мейірімді, үлкендерден гөрі балаларға үйір, жасының қаншаға келгенін жан білмейтін, ақкөңіл, адал көсе Жекенінсіз Ақтұма қалай болмақ. Ә.Әл. ~ Әйтеуір ешкімге залалы жоқ, ешкімнен жақсылық күтпейтін, ешкімнен жақсы сөз естімейтін үмітсіз жандай көзінде нұр, езуінде күлкі жоқ, қисық басын арқалап, біздиген танауымен жалғанды қақ жарып безіп жүргені. Қ.Ысқ. ~ Сен әуелі менімен сөйлес. Сен ғой, осы ауылда бес-алты жыл жұмыс істедің. «Ешкімге залалы жоқ, мінезі жұмсақ» деп әркім айтады. Б.Тоғ.
