Posted in

ЕШКІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫНДАЙ

Тым қысқа, шолақ. ~ Орыс қызы сөзінің ар жағын ести алмадым. Олар ұзай берді. Бірақ менің жүрегім сол сәтте қобалжи қалды. Жігіттің сөзі ешкінің құйрығындай шоп-шолақ, кері тартпа топас көрінгенмен, көңілімде бір қауіп тудырды. І.Ес. ~ “Әттең, оралмай кеткен қайран күн, – егер бұрынғы заман болса, арыстандай ақырған аға сұлтан ешкінің құйрығындай шолтаңдаған жаман болысты мынадай басындырып қояр ма еді. С.Жүн. ~ Шырағым, бұрынғыны жамандағанда да жөнімен жамандау керек, егер өтірік айтсақ, оның ешкінің құйрығындай шолтиған пішімі артынан-ақ көрінеді. Б.Қыд. ~ Сұлулыққа көрсеқызарлық ететін Қайназар секілділерге ешкінің құйрығындай шолақ махаббат та жетеді. І.Ес.