Жағымпазданды, біреудің алдында құрдай жорғалады. ~ Жаныңды баға алмай отырып, намыс сенің не теңің? Қазір ешкіні – апа, текені жезде деп ылдалдап күн көрудің заманы. Оданда ана министр досыңа звонда. Т.Сәу. ~ Ұмекең екеміздің тарихта қалу үшін “ешкіні – апа, текені – жезде” деп өлерменденіп көрмегенімізді білмепті. С.Им. ~ Он жыл бойы қанша күн, қанша түн көз майын тауысты, қанша тер төгіп, еңбек етті. Талай адамдармен табысып, «ешкіні апа, текені кезде» деуіне тура келді. Б.Тоғ.
