Posted in

ЕҢСЕСІН БЕРДІ

Ықылас білдірді. ~ Хан еркек емес, қыз. Күндіз бау кешеді, дау шешеді, қарекетпен уақыттың қалай өткенін білмейді, түнде жалғызсырайды. Ғамкүн болады, күлпет дүниені тарылтады. Еңсіткен біреуге еңсесін берсе, діліндегісі тіліне келмейді, ханмын деген қаһар мұрша-мажал бермейді. Зайыры күйеуге тисе, бәрі де орнына келеді. Д.Әш. ~ Жырау Сарышолақ пен Әулие Мөңке бірінің аузына бірі түкіріп қойған дерсің. Жырау ерлікке шақырса, Әулие елдікке, есендікке еңсесін беріп отыр. И.Сап.