Posted in

ЕҢСЕ (ЕҢСЕСІН) КӨТЕРДІ

Көңілі жайланып, бойы жазылды; еңсесін басқан уайымнан құтылды. ~ Жайлауда отырған қалың ел, жыртық тонды жарлы– жақыбай бір– бірінен сүйінші сұрап, өздерінше еңсе көтеріп, ержеңдесіп қалды. Ел іші гу– гу әңгіме. Қ.Жұм. ~ Әлгі бір сұр шинель жайындағы ойдан кейін бұршақ соққан
қоғадай бұның өз ішінде қаусап жапырылып қалған шерлі көңілі қайта еңсе көтеріп, коразданып дүр–дүр сілкініп алды. Ә.Нұрп.

  1. Бойын тіктеді. ~ Сонда Джон еңсе көтеріп, ақырын ғана былай деп сұрапты: “Кешіріңіз, мен сіздің не айтқаныңызды түсінбедім. Қайталай алмайсыз ба?..” Ж.Аяз. * Құдық жақта шығыр тартып жатқандардың “Тарт!, “Қайт!” деген айқайы бөліп жіберді ойын. Еңсесін көтерді. Күн еңкейіп көкжиекке құлапты. С.Елу. * Қағазды жайып тастап, еңсесін көтере бергенде бір шеттен селтең етіп түрегелген Қанипаның даусы құлағына саңқ етті: ─ Отрядқа әйелді жазасыздар ма, Евгений Павлович? С.Ом.