Көз жасы көлдей ақты, зар илеп жылады. ~ «Еркек қатынша дауыстап жыламас болар» деген жабайы ұғым жайында қалды.
Еңірегенде етегі толды. З.Қаб. ~ Арманының бәрі күйреді. Соның қайғысына шыдай алмай, еңірегеңде етегі толып келеді.
Ш.Айт. ~ Естісе екен! Еңірегенде етегі толған бейбақтың кім екенін біліп тынса екен! Кім? Кім ол? Н.Сам. ~ Оның алдынан
еңірегенде етегі толған талай шермендінің көз жасы құрғап қайтып жатыр ғой. Солардың бірі біздер де
болармыз. С.Ғабб.
