Аз дегенде. ~ Қазір бетіңе күле қарайды да, артынан бір айналып кеп, ең құрығанда, насыбай сұрап атып кетеді… Мына шіркіннің де осынша манаурауында бір мән бар. Ә.Кек. ~ « Ең құрығанда үш адамға бастық болуды ойлаңдар, – дейді ағайы, – бастық болмадың бар ғой, құр әншейін суішкіліктің соңынан сүмеңдеп кетесің, сосын үш адамға бастық болмасаң – бұл қазақ бұрылып сәлем бермейді саған». Д.Дос. ~ Осында қызметке келе жатқандар білем. Сонда да күтініп жүрген адамдар–ау деймін. Бір ала қоржыны бар екен. Мен білсем соның іші сіресіп тұрған бірдеңе… Ең құрып қалғанда, шайға толы. Ғ.Сл. * Баянауылға Айжан келгелі бір жыл, содан бері осы орманға ең құрмағанда, бір келсейші!.. З.Шаш.
