Posted in

ЖАБЫРҚАУ (ЖАБЫРҚАУЛЫ) ЖҮЗ

Мұңға толы, көңілсіз кейіп. ~ Айбын басқа дәруханада жатыр, балам. – Бибi тереңiнен күрсiнiп, кiшкене нәрестесiне жабырқау жүзiн көрсетпеуге тырысып, құшағына басты. Ә.Ыб. ~ Зейнолланың жабырқау жүзіне, мұң мен шерге толы көзіне қарап апасы Набат та қатты күйзелді… Кәріліктен емес, қасіреттен оның көз нұры тайғандай еді. Б.Тоғ. ~ Жұлдыздың жабырқаулы жүзiнен бiрнеше тамшы жас төмен қарай тамып-тамып кеткен сияқты көрiндi. О, ғажап, жұлдыздар да жылайды екен ғой! П.Дүй.