Posted in

ЖАБЫ БОЛДЫ

Көңілі құлазыды, жүнжіп кетті; қайғыға берілді. ~ Айман: Бір кезде дабырайса даңқы шығып, Бұл күнде жабы болған көптің бірі… М.Әу. ~ Шолпан. Тәйірі-ай, батыр күні өтпеп пе еді әлдеқашан. Батыр бір оқтық деп неге айтқан. Жалғыз оқпен өшпеп пе еді оның үні?.. Айман. Бұл күнде дабылы өшіп жабы болды деспей ме?.. М.Әу. ~ Суық күн беті-қолын қарыған, жүздері қарайған, қиын кешу жол кешкен, шаршап-шалдығып, жабы болған жандар тәрізді. М.Әу. ~ Қарсы ұмтылып барып Ерболды құшақтаған бойында, төрге әкеле жатып: – Бәсе, келшi! Сен болмай тынысым тарылғандай, жабы боп кетiп ем. Отыр, шешiн. Әйгерiм, көрпе сал! – деп қатты әбiгерленiп, балаша қуанды. М.Әу. ~ Баймағамбет болса, талайдан жабығып кеткен уайымды Абайдың қазір сәл сейілгеніне, жабы боп кеткен көңілі көтеріліп отырғанына риза. Ол Дәмежан мен Сейілге де алғыс айта қарай түседі. М.Әу.