Ұмытты, есінен шығарды. ~ Осыны көріп, көңілі бұзылған Анжелика жауап беруді жадынан шығарып, ұмытып та кетіпті. Қ.Түм. ~ Жоқ, жігітім, адам баласының өткені мен бүгінгісі, біле–білсең ертеңі үшін керек. Сол себептен де мен, сол адам баласының жадынан шығып кеткен замандарын есіне түсіргім келеді. І.Ес. ~ “Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді”. Жәбірейіл жамағаттың жадынан шығып, Әзірейіл де әдірем қалды. И.Сап. ~ Сол кезде Жоңғар айтып келген қорқынышты әңгімелер қазақтардың әлі күнге жадынан шығар емес. Ә.Кек. ~ Осы күндері шаруа жайы жадынан шығып кетті. Ә.Нұрп.
