Жақсылап есіне сақтап алды. ~ Абылай Бұқар жыраудың осы сөздерін жадына мықтап тұтты. І.Ес. ~ Баланың көзінен жас парлады, жанашыр атасын енді қайтіп көрмейді- ау. Түйе шекпен жаңбыр өткізбейді деп жылқышы шал шегелей айтқанын жадына мықтап тұтты. А.Кем. ~ Арман әмiр бұл әңгiменi де жадына тұтып алып, жол жүрiп кетiптi. Ол кезектi бiр тауды асып түсiп, етектегi қойтастарды аралап келе жатса, әудем жерден адамның бас сүйегiн көрiптi. Ә.Сал. ~ Ғұлама Арман әмiрден жол-жөнекей көрген-бiлгендерiн, көкейге түйгендерiн шып-шырғасын шығармай айтып беруiн өтiнiптi. Арман әмiр оның айтқанын орындап, жадына тұтқанын еш iрiкпестен түгел баян қылыпты. Ә.Сал. ~ Сізге айтарлықтай жаңалық: өзіңіздің Перизат келініңіз бір трумо алды. Үш қанатты үлкен шарайнаны орыстар солай дейді ғой. Білмейтін болсаңыз жадыңызға ұстарсыз. С.Шай.
