Posted in

ЖАДЫРАҢҚЫ ҚАБАҚ

Жүзі жылы, шырайы жарқын. ~ Шынардың әке-шешесі елпілдеп, болашақ баласы есебінде қарсы алды. Біркімбай қария да жатырқамай, жадыраңқы қабақ танытты. Т.Әл. ~ Биылғы жаздың жадыраңқы қабағы әлденендей ырыстың ұшығын сездірген- ді. О.Бөк. ~ Бұл жақсы нышанға Жапар жағының қабақтары жадыраңқы тартқандай. Тек, Нұрғаным «шұбарбет» деп жақтырмайтын Дулат қана анандай жерде осқырынып, жуымайды. Ә.Ыб.