Posted in

ЖАД ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Жалбарынды, сыйынды. ~ Төбеге шашты түйеді, Құндыз бөркін киеді. Шалбар киіп сыптай боп, Жад қылды тұрып Иені. “Қыз Жібек”. ~ Баладан болып садаға, Ұстап беріп биені, Жад қылады Иені, Қарны жерге тиеді. “ҚҚҚ”. ~ «Жалғызыма жар бол!»,— деп, Жад қылып Жаббар Құдайды, Қала берді кемпір-шал, Аруақтарға жалынып! “ҚҚҚ”. ~ Жұбатқанға болмады; Сол ойбайдан танбады. Боз мұнай бай жылады, Жад етеді құдайды, Жылағанда бүй дейді… “Ер Сайын”. ~ Күнайым ертеңінде Тынышбайға келген. — Батыр, күйші екенсіз! Кешегі күйіңізді жад еттім жаныма, – деген аттандырып жатып. С.См. ~ Бақұл болыңдар, батырларым! Сендер өз ажалдарыңмен қаншама ғұмырды сақтап қалғандарыңды білсеңдер Жад етермін жаныма! Жақыныма, жұртыма жеткізермін ерліктеріңді! Жоқтармын, қайтарармын кегіңді, ерлерім! С.См.