Posted in

ЖАЗА БАСТЫ

Жаңсақ іс істеді, шалыс басты. ~ Ала қыстай естіген «Балшабай бай мен кедейді теңейтін әділ екен» деген ойдан Бадырақ жаза басып, Балшабайды кедейге баймен бірге қабаттай келген бәле екен деп, өзінше қорытынды шығарды. І.Жанс. ~ Одан сүрінбей өту үшін қаталдық қана көмекші. Жаза басып, осалдық етсе, табан тіреген мұз ойылып, өзі суға қарық болмақ. С.Жүн. ~ Өмірінде жаза баспайтын жан бола ма?! Ал шешесі бұған не дейді? Б.Тоғ. ~ … бұл ыржиыс патшаға адал арын сақтап, ажал алдында намысын жібермей өле білетін орыс офицерлері мен төрелерінің ерлік салтынан жаңылып, жаза басқалы тұрғандығының нышаны, осыған дейін ұлықтық кербездігін сақтап дүрдиген сыңайынан айрылып, жүні жығыла бастағандығының белгісі болатын. Ғ.Біл.