Үкім шықты, сот билігі айтылды. ~ Ертеңінде сот алдында Жамалдың сүйетіні, тиетіні рас боп шықты, қол күші көрсеткен қуғыншылардың отағасылары ұсталып, жаза кесілді. Мұртынан күліп, Қызылбике шықты. Ж.Айм. ~ Ақыры Елісхан тобына ілескен, Отан сатқан қылмысымен айыпталып, жеті жылдық мерзімді қамақ жазасына кесілді … Ғ.Біл. ~ Айбар осылай силлогизм шартын салыстырып отырғанда судья үкім оқыды: қылмыскер ату жазасына кесілді деді. Д.Дос. ~ Жендеттері Сейітті әкеле бергенде, Оразбай бір сұмдық бұйрық етті. – Жаза кестім дедім ғой, дегенім сол! Жерге қағам дегенім. Кеудесіне нан пісетін кедей ғой! Салыңдар мынау көрге! Тірідей жерге көміп, жерге сонымен қағамын! – деді де, Сейіттің екі қолын артына қыл шылбырмен байлатып. М.Әу.
