Posted in

ЖАЗМЫШТЫҢ ЖАЗУЫ

Тағдырдың басқа салғаны. ~ Мысалы, біреудің ағасы не болмаса жақын туыстарының біреуі қан жағынан жақын бірі жазмыштың жазуымен қайтыс болып кеткен соң, әйелі артында қалады ғой. Осыны басқа жаққа жібермей жас әйел болғандықтан, кейде баласы да болады, сол үйренген ауылына қалдырудың ретін іздейді. Ж.Баб. ~ Тағдыр жазуының мүлде жаңа парағын ашады. Жазмыш жазуынан оза шабады. Д.Дос. ~ Кейіпкеріміз тағдырының қай соқпағымен жүреді?.. қай асуға бұрылады?.. түптің түбінде нендей межеге жетіп үлгереді – осы Санжардың маңдайынан (әжім астында көзге көрінбейтін) жазмыш жазуынан оқимыз енді. Д.Дос.