Байқаусызда опат қылды, жарақат салды. ~ … ұйқы жау иектесе қандай көз аш бөрі жалғызды жайратып кетпесіне кім кепіл? Қараңғыда белектеген жын- сайтан өзімді жазым етпесіне кім кепіл (Ол менің жын- сайтанға нанатын кезім ғой). Ж.Айм. ~ Абырой болғанда, бүркiт оралмады. Әйтпесе, балапанын алып бара жатқан балаға түссе, жазым етерi анық едi. К.Сег. ~ Үрия (күліп.) Байқа, жаным, жазым етерсің. Ә.Тәж. ~ Иттерді босат! – Байқа, итті жазым қылмасын. – Айқай сүрен салғандар тасырлатып үңгірдің маңынан өте шықты. Қ.Мүб. ~ Ана айырды аулаға шанша салшы, мал келсе бір жерлеріне кіріп кетіп, жазым қылар. Ж.Нәжім.
