Posted in

ЖАЗЫҚСЫЗДАН ЖАЗЫҚСЫЗ

Еш айыбы, кінәсі болмаса да. ~ Ойландым. Әкем Сартауылды 37-ші жылы жазықсыздан жазықсыз ұстап әкетті. Жұмыс дегенде ішкен асын жерге қоятын кісі еді. М.Қаб. ~ “Иә, бұрау. Бұрауда да сұрау бар”,– депті. Ал, сен… академик жол-дассс… әлгі жазықсыздан жазықсыз қуған ғалымдардың да түбінде, сірә, сұрауы болар-ау деп ойладың ба? Осыған жауап берші, жолдассс. Ә.Нұрп. ~ Иә, иә, жазықсыздан жазықсыз әрі төкпештеп, басын жарып, аяғын мыжып жіберу, әрі соттау сияқты масқаралық бізде болуы мүлде мүмкін емес екен. Ғ.Қаб. ~ Нұрия жер бетіндегі жалғыз жанашырының өзін жазықсыздан-жазықсыз үйінен шынымен қуып шыққанын ұқты. С.Досж.