Posted in

ЖАЗҒАН ҚҰЛДА ШАРШАУ ЖОҚ (БАР МА)

Тағдырдың жазғаны солай болғасын, күн демей, түн демей жұмыс істеуге мәжбүрсің д.м. ~ Жазған құлда шаршау бар ма? Камандыраушини қағазын алып, екі- үш күннен кейін Екібасқа тартты. Ж.Айм. ~ Мейлі, жазған құлда шаршау жоқ. Осы жолғы пәлеңді тағы да мойнымызға көтеріп алайық, не де болса шыныңды айт! — деп сыр тартып та көрді. Қ.Жұм. ~ Жазған құлда шаршау бар ма, кері жылыстап шегініп тас бетімен кесірткеше тырмысып төменге түседі. Д.Дос. ~ Жазған құлда шаршау бар ма. Мал жағын бірдеме қып өтерміз, — деді Демежан. — Тек ағайын арасы жауықпай, татулықпен бітсе болғаны. Қ.Жұм.