Кең, жазық, жадағай қабақ. ~ Данияр аласа бойлы, қалқан құлақтау, жайдақ қабақ, жыпық көзді жігіт. Оның ақсұр бетіне жарасқан жұқалаң қызылы бар. Таңқы мұрны сүйкімді келген, өзі жұғымды жігіт. М.Әу. ~ Лепіре сөйлеген мол сөздің селі қасынан аққандай болады. Жайдақ қабақ, жыпық көздің соқтыра, өшіктіре сөйлеп, езуін жимай жылмия күлгені де көз алдында. Т.Рыс. ~ …түтіні қылпылдаған ақбоз ауылдың ту сыртында төбедей боп отырған Зайып тәйжінің қызыл-сары жүзінен, жасаураған шаралы томпақ көзінен, қырсауланған тазығыр жайдақ қабағынан мұң тарқамады. Ғ.Біл.
