Тұтқиылдан жарқ етіп, жүректі тіліп өткендей өткір көріністің, сезімнің сипаты. ~ Жалғыз сөзімен молдалар ортасына жайдың отын шашып, жаза тобын түсінгендей болды. Оларды жайратып жеңіп кетті. М.Әу. ~ Нән, жуан, менмен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені. Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді. І.Жан. ~ … төбеден жайдың оты жарқылдағандай ауаны ысқырта тіліп өткен гүрзі үніне жалт бұрылғанда екі білегін шынтағына дейін жалаңаштап, жеңін түріп алған ғазірайылдың қаһарлы жүзін таныды. Ғ.Біл.
