Posted in

ЖАЙСЫЗ ЖАҒДАЙ

Төтенше оқиға, келіссіз жәйт.. ~ Оқасы жоқ… Оқасы жоқ. Төрлетіңіз. — Келіншек жігіттің көңілсіз екенін абыржу пішінінен бірден сезді. Не отбасында жұмысында бір жайсыз жағдай болған шығар. Н.Сер. ~ Редакциядағы бірде-бір қызметкерге сен деп сағын түсіріп, меселін қайтарған емес. Жайсыз бір жағдай бола қалса көбіне әзілмен жеңіп, жайдарлығымен жуып-шайып жіберетін. Қызметкерлерін тым еркін ұстады. Қ.Ысқ. ~ Мұқанға оңай тимеді. Жайсыз жағдайды бастан кешіп жүрді. Тұнжырап, қабағы ашылмады. Оның ренішін сезген Марғуаның да дегбірі кетті. Ш.Бей.