Қолайсыз әсер етті, жақпады, зияны тиді. * Өкінесің әлі, – деді кәрі Спенсер. – Бармағыңды тістейсің. Кеш болады бірақ. Бұл сөзі жайсыз тиді. Мен тап бір өліп қалғандай күңіренгені несі. Дж.Сэл. ~ Себебі, өзі жаны қалап, еркімен айтпаған сөз, жауаптың ұлына жайсыз тиетінін жазбай таныды. Одан сайын жас жанға жазығы иіді, іші жылыды, бұрынғыдан да жақсы көріп кетті. Ж.Нәж. * Жылқы батырдың қыстауын көріп іші бір күйсе, Бәлдірден есіткен хабары онан да жайсыз тиді. Бекбауыл ойда келе жатыр. З.Шүк. ~ Кісі үйінде тұрған ғұрлы, үйді сағынып біттім. Әрі Қабидың үйі маған жайсыз тиді. Қабидың өзі поштада істейтін. Кісіге қарсы келмейтін момын кісі. Т.Әбд. * Бұл дала қалада тұрған сіздерге болмаса, бізге таңсық емес, аға! Әрі-беріден соң ішіміз пысып, жалығып кетеміз,— деп сөз қосты Сейітбек. — Не, бұл жер жайсыз тиіп жүр ме? Б.Тоғ.
