Posted in

ЖАЙЫЛҒАН ҚОЙДАЙ (БЫТЫРАДЫ)

Жан-жаққа тарап кетті, бетімен кетті. ~ Өрелердің үсті жайылған қойдай бытырай шашылып жатқан ақ ірімшік, сары ірімшік, көкше құрт, тұздақ құрт, ежегей, сарсу, балқаймақ. Ә.Кек. ~ Күн түске тырмыса Нұршат та Айыртаудың асуына жетті. Жеткендігін сезгені: сар-р етіп жоғарғы ауыл жақтан жел соқты да, артынша арғы беттен бытырап жайылған қойдай болып жоғарғы ауылдың өзі де көрінді. Т.Нұр. ~ Қазақтың бетімен жайылған қойдай емін-еркін өз тізгіні өзіне тиіп, қатын керек болса, ноғайлардың қызын еріксіз, сұраусыз алып кете бергендіктен, ноғай халқы қазақты бұл күнгенше жек көріп кеткені — сол дейді. АӘ.