Елеусіз, ескерусіз, назардан тыс қалды. ~ Шырт ұйқыдан оқ оятқандай жетіден жетпістегісіне шейін серги кетті. Шаруа, күй-жай, әзіл жайына қалып, әңгіме «Солдат алу» қалай, қайда апарады? Болыстар не айтыпты, қай ел қалай екен, түбі не болады?» Міне, жұрттың баққаны, айтқаны осы. І.Жанс. * Жайына қалып, өлі аруақ пенен тірі аруақ, Келеді бала, есімін өзі ұрандап. М.Мақ. * Тездетіп қамырын сала бер, – деді Сапарбек тағы да. Ет келгесін шай жайына қалды. Отырғандар қолдарын жуып, шаппаларын сүртіп болғасын, дастарқан қайта жайылды. Қ.Найм. * Ауыр азапты еңбектің бәрі жайына қалып, бос уақытымда үй шаруасына көмектесіп, немесе тек тынығатын болдым. Т.Әбд.
