Posted in

ЖАЙ ОҒЫНДАЙ ҚАДАЛДЫ (ШАНШЫЛДЫ)

Оқтай тиіп, жүрек жаралаған, шаншыла қадалған сөз, көзқарас, қимыл туралы. ~ Осы сөз жай оғындай қадалып, Қайдардың ойын қайта толқындырды. Бір жағынан ашуын қоздырды: «әйелдігіңе басып отырсың-ау… Мені өшіктіргелі отырсың-ау…» — деді ішінен. Б.Май. ~ Ашуға булығып, бетіне тепкен ызасы жүзін қабартып, от жанған көздері жай оғындай қадалып, өңменнен өткендей еді. АҚ “Дара сезім.” ~ Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл, жүрек!- деп, жанған самолеттен жау колоннасына жай оғындай шаншылдық; айналаға өлім шашқан ажал ДЗОТ-ына өз денемізді өзіміз қол гранатадай лақтырып, дұшпан пулеметін қанымызбен қақалттық. Ә.Нұрш. Жанын ауыртты, жайсыз әсер етті. ~ Осыны айтып атқарушы шал шығып кеткен. Мына хабар Ұлтуғанға жай оғындай тиді. Не істеп, не қоярын білмей, біресе далаға шығып, онан қайта үйге кіріп аласұрды. С.Мұр. ~ Сен елірме! — деді оған Жыңғылбай. — Осы ауылда милиция жүр, дәл қазір айдатып жіберемін! — Бұл сөз Жаманқұлға жай оғындай тиді. Б.Тоғ.